Атырау, 26 қараша 09:19
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Алматыда тоңазытқыш үшін оқ атқан адам 2 млн төлеп бостандыққа шықты

2 709 просмотра

Ескі тоңазытқышқа бола адам атқан азамат темір торда бір түнеп қана шыққан. Қазір ол қолхатпен бостандықта жүр. Ал ауыр жараланған жәбірленуші әлі біраз ауруханада жататын сыңайлы.

Тұрмыстық техника жөндеу орталығының ішіндегі бақылау камерасындағы жазбада жанжалдың қалай басталғаны жазылып қалған. Клиент әйел бұзылған тоңазытқышты жөндетуге осы орталыққа алып келген. Бірақ мұндағы қызметкерлер техниканың ескі екенін, әрі кепілдік берген уақытының өтіп кеткенін айтқанда, тұтынушы айқай шығарыпты. Соңынан күйеуін ертіп келіп, ол бірден қаруын кезенген. Қазір айыпты бостандықта. 1миллион 800 мың теңге кепілақша беріп, ешқайда кетпеймін деп қолхат қалдырған. Жәбірленуші тарап енді оның жазадан да сытылып кетуі мүмкін деп алаңдаулы.

Денис Соловьев, Тұрмыстық техника жөндеу орталығының директоры:

-Әріптестеріміз шулап кеткенде далаға шықсам, Николай Первухинді атып жатыр екен. Тал-түсте бұлай бей-берет оқ жаудыру масқара. Кінәлі адамдар жазасын алуы тиіс.


Дереккөз: ktk.kz
 

14 қараша 2014, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.