Атырау, 26 қараша 09:23
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Елбасы Астанада әскери қалашығын ашты

2 037 просмотра

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні Ұлттық Ұланның жедел бригадасына арналып салынған елорда іргесіндегі заманауи әскери қалашықты ашты, деп хабарлады агенттіктің тілшісі.

«ТМД мемлекеттері арасында теңдесі жоқ әскери қалашық елордамыз Астананың дәл жүрегінде орнатылды. Сіздердің жақсы жаттығуларыңыз үшін, өмір сүрулеріңізге барлық жағдай жасау үшін осындай жұмыстар атқарылды. Ішкі істер құрамы Ұлттық гвардия дәрежесін алып атағын өзгертті. Ол да сіздерге деген мемлекеттің зор құрметі деп саналады. Сіздердің алдарыңыздағы міндет - еліміздің тыныштығын қорғау, Қазақстан азаматтарының құқығын сақтау үшін қылмысқа қарсы күресу», - деді Назарбаев әскери қалашықты ашу салатанаты барысында.

Әскери қалашықтың құрылысы 2009 жылы басталып, оны «Квинтек» ЖШС жүргізген болатын. Жалпы аумағы 20 гектарды құрайтын қалашықтың инфрақұрылымы бригада ұжымының кәсіби шеберліктерін жетілдіру, Астана қаласының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында жүктелген міндеттерді сапалы атқаруға зор мүмкіндіктер ашады. Қалашықта әскери ұжымның тыныс-тіршілігі үшін барлық қажетті нысандар салынған. Мәселен, штаб ғимараты, 3 жауынгерлік казарма, 2 асхана, автомобиль паркі, заманауи үлгіде жабдықталған мультимедиялық ату тирі, стадион, оқу ғимараты, 60 жатын орны және амбулаториялық ем алу үшін 100 орындық лазарет бой көтерген.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

14 қараша 2014, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.