Атырау, 24 желтоқсан 22:37
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Серік Қонақбаев АИБА-ның вице-президенті болып сайланды

3 819 рет қаралды

1980 жылғы Олимпиада ойындардың күміс жүлдегері, Қазақстандық бокс федерациясының вице-президенті Серік Қонақбаев АИБА вице-президенті лауазымына сайланды, деп хабарлады Қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Кореяның Чеджу қаласында АИБА Конгресінде Халықаралық бокс қауымдастығының басшы құрамын сайлау өтіп жатыр.Азия құрлығы атынан  АИБА вице-президенті лауазымына Халықаралық қауымдастықтың атқару комитетінің мүшесі Қазақстандық бокс федерациясының төрешілер корпусымен жұмыс жөніндегі вице-президенті Серік Қонақбаев ұсынылды.

«Отандық спорттың майталманы өзінің спорттық мансабында кезекті жеңіске жетті, әлемдік бокс жұртшылығы біздің отандастасымыздың кандидатурасына қолдау көрсетіп, оған АИБА вице-президенті және Азия бокс конфедерациясының президенті қызметтеріне сенім көрсетті», - делінген хабарламада.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

14 қараша 2014, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.