Атырау, 3 қазан 16:19
 ашықВ Атырау +16
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

К.Мәсімов: Жаңа Жолдау жеке инвестицияларды дамытуға мүмкiндiк бередi

1 556 просмотра

Жаңа Жолдау жеке инвестицияларды дамытуға қажеттi жағдай жасауға мүмкiндiк бередi. Бұл туралы бүгiн «Қазақстан - сарапшы - 200» ірі бизнестің VI экономикалық форумы барысында ҚР Премьер-министрi Кәрiм Мәсiмов мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. 

«Бұл iс-шара бiздiң Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялағаннан соң бiрнеше күннен кейiн өтіп жатқаны маңызды. Бұл Жолдауды Елбасы әдеттегi уақыттан ерте жариялады. Бұл геосаяси және геоэкономикалық кеңiстiкте орын алып отырған бiрқатар жағдайлармен байланысты болып отыр», - дедi К.Мәсiмов.

Үкiмет басшысы өз сөзiнде Жолдауда айтылған бiрқатар маңызды мәселелерге тоқталды.

«Президент құрылымдық және әкiмшiлiк реформаларды жалғастыру мәселесiне назар аударды. Кез келген реформа оны өткiзiп жатқан адамдар дұрыс жұмыс жүргiзбесе, сәтсiздiкке ұшырайтыны құпия емес. Егер де әкiмшiлiк басқару жүйесi дұрыс құрылмайтын болса, ең үлгiлi реформаның өзi сәтсiз болуы мүмкiн. Осыған орай, биылғы жылдың ортасында Мемлекет басшысы үкiметтiң реформасын жүргiзу, орталық пен өңiрлер арасындағы қызметтердi айқындау жөнінде шешiм қабылдады. Елбасының Жолдауы жемiстi орындау мақсатында тиiстi заңнамалық өзгерiстер жүргiзiлмек», - деп тоқталды Үкiмет басшысы.

Премьер-министр әлемдiк экономикада шикiзат бағасының күрт төмендеп жатқанын тiлге тиек еттi.

«Қазақстан экономикасын ынталандыру мақсатында қосымша қаржы бөлiнiп жатыр. Екiншi бағыт құрылымдық реформаларды жалғастыру болып табылады. Бұл жұмысты бiз халықаралық институттар, Бүкiләлемдiк банк, Еуропалық қайта құру және даму банкi, Азия банкi, Ислам банкiмен, ЭЫДҰ-мен бiрге жүргiзiп жатырмыз. Мұның барлығы Қазақстанға орта табыс тұзағына шалынбай, жеке инвестицияларды дамытуға қажеттi жағдайлар жасауға мүмкiндiк бередi деп ойлаймын», - деп түйіндеді К.Мәсiмов.

Дереккөз: bnews.kz

 

14 қараша 2014, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.