Қазақстан мен Грузия «Баку – Тбилиси – Карс» темiр жолын тездетiп салып бiтiруге мүдделi. Бұл туралы бүгiн Грузия Премьер-министрi Ираклий Гарибашвилимен кездесуден кейiн баспасөз мәслихаты барысында ҚР Премьер-министрi Кәрiм Мәсiмов мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Бүгiн бiз екiжақты ынтымақтастық мәселелерiн талқыладық, әрi қарай даму мен өзара ықпалдастықты тереңдету жайын анықтадық. Бiз сауда-экономикалық ынтымақтастықты үнығайту қажеттiлiгi туралы ортақ пiкiрге келдiк. Бiздiң мемлекеттерiмiз арасында өзара сауданы кеңейтуге арналған пайдаланылмаған көп бағыттар бар. Көлiк, баланс, ауыл шаруашылығы кешенi, туризм және т.б. экономиканың болашағы мол бағыттары бойынша байланысымызды жандандыруға мүдделiмiз. Күн тәртiбiнiң басты мәселесi –көлiктiк-транзиттi дәлiздердi кеңейту», - деді К.Мәсiмов.
«Қазақстан өнiмдерiн Каспий теңiзi арқылы Еуропаға, ал Грузия тауарларын Қазақстан аумағы арқылы Орталық Азия мен Қытайға шығара алатын Баку – Тбилиси –Карс темiр жолын тездетiп салып бiтiруге мүдделi екенiмiздi баса айтқым келедi», - деп толықтырды Үкімет басшысы.
Дереккөз: bnews.kz