Атырау, 26 қараша 09:47
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Халықаралық қайта құру және даму банкі Қазақстанға 103 миллион долларға жуық қарыз береді

2 553 просмотра

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жобаның екінші фазасы) ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бұл келісім 2014 жылғы 29 сәуірде Астанада жасалды. Құжатқа сәйкес Халықаралық қайта құру және даму банкі Қазақстанға ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жобаның екінші кезеңін қаржыландыруға 102,9 млн АҚШ доллары сомасында қарыз береді. Берешекті қайтару мерзімі – 7 жыл жеңілдік ұсынылатын кезеңді қоспағанда, 10 жыл. Республикалық бюджеттен қарызды қоса қаржыландыру – 236,6 млн АҚШ доллары.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков атап өткендей, жобаның мақсаты – фермерлерге қолдау көрсету үшін ирригациялық және дренаждық жүйелер қызметінің сапасын арттыру.

«Жоба 113 мың га суармалы алқапты қамтиды. Жобаның аяқталу мерзімі – 2021 жылдың желтоқсан айы. Жоба трансшекаралық өзендерде ирригациялық және дренаждық жүйлерде су ысырабын азайту және топырақты қорғайтын негізге айналдыру бойынша оң және үлгілі тәжірибе болады. Суармалы егіншілік пен мал шаруашылығын дамытуға қажетті жем-шөп өндірудің тиянақты ұлғаюына, тауар айналымының артуына, халықтың жұмыспен қамтылуы мен әл-ауқатының жақсаруына мелиоративтік негіз болып есептеледі», - дейді министр.

Дереккөз: bnews.kz

12 қараша 2014, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.