Атырау, 26 қараша 09:34
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы пайда болады

2 784 просмотра

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа тұрғын үй бағдарламасын жариялады. Бұл туралы ол "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жалға алынатын тұрғын үй құрылысын қайта қарастыру керек. Бізде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бар, ипотека да бізде бар, жалға алу да бар. Енді біз басқара қайта қарап көруіміз керек: мемлекет жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үйлерді соғып, оны халыққа сатып алу құқығымен көп мерзімге жалға беруі керек. Қазіргі жүйе көп қаржыны, бастапқы жарнаны талап етеді, содан кейін төлеуі әділетсіз пайыздарды адамдар төлей алмайды", - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі бағдарламалар ауқатты адамдарға арналған. "Ал жаңа бағдарламаны біз жас отбасыларға және шын мәнінде мұқтаждарға арнап жасап жатырмыз. Тұрғын үй еш делдалсыз және барынша төмен пайызбен тікелей жүйеде беріледі, қызмет көрсеткен үшін 1-2 пайыз жеткілікті болатын шығар. Сондықтан 2015-2016 жылдар бойында жалға берілетін тұрғын үйді 180 миллиард теңгеге қосымша қаржыландырамыз", - деді Назарбаев.

Дереккөз: tengrinews.kz

11 қараша 2014, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.