Атырау, 26 қараша 09:26
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Зүлфия Чиншанло - әлемнің үш дүркін чемпионы

1 773 просмотра

Қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло 27-жазғы Азия ойындарында. Инчхон, Оңтүстік Корея. 21 қыркүйек 2014 жыл. Қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло 27-жазғы Азия ойындарында. Инчхон, Оңтүстік Корея. 21 қыркүйек 2014 жыл. Алматыда ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін қазақстандық Зүлфия Чиншанло 98 килограмды жұлқа көтеріп, серпе көтеру сынында алдымен 127 килограмды, одан кейін 133 және 134 килограмды басынан асыра ұстады. Серпе көтеруден әлем рекордын жаңартқан Чиншанло үшінші рет әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Қоссайыс бойынша ол 236 килограмм салмақты көтерді.

Күміс жүлдені тайпейлік Сюй Шуцзин иеленді, оның көрсеткіші - 218 килограмм (99+119). Әлемдік турнирдің қола медалін 214 килограмды көтерген қытайлық Ли Жансун алды.

Зүлфия Чиншанло биыл Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен 27-жазғы Азия ойындарында күміс медаль иеленген еді.

Ол бұған дейін 2009 және 2011 жылдары әлем чемпионаттарында, 2012 жылы – Лондон олимпиадасында жеңімпаз атанған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

11 қараша 2014, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.