Атырау, 26 қараша 09:35
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Интернат экс-директоры 12 жасар қызбен некесін қиған

1 690 просмотра

Алматыдағы жетім балалар мен әлеуметтік ахуалы төмен отбасылардың балаларына арналған «Кәусар» интернатынан шу шықты, деп хабарлайды 31-арна.

 Тек қыз балалар ғана тәрбиеленетін мекеменің бұрынғы басшысы Ералы Байназаров тәрбиелеуіндегі әке-шешесі жоқ 12 жасар қыз баламен некесін қиған көрінеді. Өйткені, бүлдіршінді балиғат жасына толған деп есептеген сыңайлы. Имамдар болса, зайырлы мемлекетте балиғат жасының көрсеткіші мүлде басқа деп отыр.

31-арнаға жеткен ақпарат бойынша, атышулы істі алдымен Түрксіб ауданының прокурорлары қозғаған. Арнайы тексеріс кезінде интернаттың экс-директорының бұйрығымен мекемеде тәрбиеленетін қыз балаларға мектептегіден гөрі, діни білімге басымдық берілген. Соны негізге алған Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық соты Ералы Байназаровтың үстінен үкім шығарып, айыппұл салады.

30 айлық мөлшерде айыппұл салынсын деп тұр. Бірақ ары қарай «Кәусарға» тоқтам салынсын деген жоқ.

Бұл кісі айтып тұрғандай-ақ, «Кәусар» қазір де жұмысын жалғастырып жатыр. Балаларының басым бөлігі 31 мектепте білім алады.

«Кәусардан» қазір сентябрьдің басында 60 баладай келген. Қазір тізім әкеп тастады. Отбасылық жағдайына байланысты, - дейді №31 мектеп директоры Ақерке Әмиева.

Ал, экс-директордың балиғат жасына толды деп, 12 жасар бүлдіршінмен неке қиғаны туралы бізге белгілі ақпар туралы сот орындаушысы да, прокурорлар да жақ ашпай отыр. Іс облыстық прокуратураның қарауына жіберілген. Тек сорақы фактіні интернаттың қазіргі қызметкерлері растап отыр.

«Өткеннің әңгімесіне мен жауап бермеймін! Мен жаңадан келгенмін мұнда. Бірақ ондай жағдайдың болғаны рас! Бірақ оған менің қатысым жоқ! Ал ол кісінің бұл мекеменің табалдырығын қайта аттауының өзі харам болып саналады», - дейді «Кәусар» интернатының өкілі Ернұр.

Қазіргі әріптестері қылығын-харамға балаған халал-мекеменің бұрынғы басшысы іздеуде деп естідік. Бірақ құзырлы органнан неге таба алмай жүргенін білмедік, ата-анасынан айырылған балаларға арналған мекеменің экс-директоры әлеуметтік желідегі парақшасына осыдан төрт күн бұрын ғана жазба қалдырған. Интернат тәрбиеленушілері болса, басшыларының ондай оғаш қылығын байқамағанын айтады.

Дереккөз: bnews.kz

 

11 қараша 2014, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.