Атырау, 19 қараша 10:29
 бұлттыВ Атырау +5
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Экс-әкімнің ісі. Үкім жариялау 14 қарашаға шегерді

6 446 просмотра

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыстың экс-әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ ҰҚТ ісі бойынша үкім жариялауды 10 қарашадан 14 қарашаға кейін шегерді.

Сот осы атышулы қылмыстық іс бойынша жазаларды жариялауға 25 қазаннан бері дайындалуда. Айта кетсек, сотталушылардың кейбіріне қатысты белгілі бір айыптаулар сот барысында-ақ алынып тасталған болатын. Мемлекеттік айыптаушылар сотталушыларға түрлі мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасын сұрады, ішіндегі ең үлкені – бұрынғы облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат ДӘУКЕНОВКЕ 18 жыл беру.

Естеріңізге салсақ, тергеу ісі сегіз ай жүргізілген еді (2012 жылдың тамызынан 2013 жылдың сәуір айына дейін). Қылмыстық кодекстің ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу, бюджет қаржысын жымқыру, жалған кәсіпкерлік, пара алу, лауазымдық құзіретін асыра пайдалану, алаяқтық, жалған құжаттар жасау және қызмет бабында жалған құжаттамалар жасау сияқты баптары бойынша барлығы 73 қылмыстық іс қозғалды (кейіннен олар біріктірілді). Айыпкерлер орындығына 22 адам - бұрынғы түрлі деңгейдегі шенеуніктер, облыстық және қалалық әкімдіктің тапсырыстарын орындаған жеке меншік мердігер компаниялар қызметкерлері, жымқырылған қаржыларды қолма-қол ақшаға айналдырушы жеке тұлғалар отырды.

Істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Гүлнар ДӘУЛЕТОВА қарап жатыр.

Кейін шегерудің себебі ретінде облыстық сот зерделеуді қажет ететін материалдар көлемінің үлкендігін атап өтті. Бұл шынымен де солай: 70-ке жуық сараптама жүргізілді, 750-ден аса адамнан жауап алынды, 30 мыңнан астам құжат тәркіленді. Қылмыстық істің материалдары 700-ден астам томды құрайды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

10 қараша 2014, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.