Атырау, 26 қараша 09:37
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстанда студенттерге тәжірибеден өтуге орын беру заң жүзінде міндеттеледі

1 293 просмотра

Қазақстанда студенттерге тәжірибеден өтуге орын беру заң жүзінде міндеттеледі деп мәлімдеді Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.

 «Заң жобасы бойынша заңнама деңгейінде студенттердің кәсіпорындардан өндірістік тәжірибеден өтуін міндеттеу бекітіледі. Бұдан бөлек, стандарттар бойынша техникалық және кәсіптік білім беруді тегін негізде жүзеге асыру ұсынылады. Айта кетерлігі, ондағы  студенттер де тәжірибеден өтеді. Алайда, олар ведомстволық түрде министрлікке бағынбайтын ұйымдардан өтіп жүргендіктен, біз өндірістік тәжірибелерді тегін негізде жүзеге асыруды заңнамада қамтуды ұсынамыз. Осыған орай, ұлттық кәсіпкерлер палатасымен жұмыс істеудеміз, мақсатымыз аталған норманың толыққанды қамтылуы», - деді Балықбаев мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында.

Бұл ретте вице-министр жыл сайын 25-30 мыңға тарта мектеп бітірушілер жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға бармайтынын, соның салдарынан ешқандайда кәсіптік білімге ие еместігін атап өтеді.«Сондықтан да, техникалық және кәсіптік колледждерде тегін оқыту туралы бұл норма аса қомақты қаражатты талап етеді. Дегенмен, 2019 жылдың 1 қыркүйегінен осы норманың жұмыс істегенін қалаймыз», - деді ол.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

10 қараша 2014, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.