Атырау, 26 қараша 09:30
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ҚР шекара қызметінің экс-басшысы Жоламанов жеткізуші-фирмалардан «откаттар» жинап отыруды тапсырған – БАҚ

1 462 просмотра

Фото: NUR.KZФото: NUR.KZАлматы. 10 қараша. ҚазТАГ – ҚР шекара қызметінің экс-басшысы Нұрлан Жоламанов жеткізуші-фирмалардан «откаттар» жинап отыруды тапсырған, деп жазады «Мегаполис» газеті.

«Әр түрлі дерек көздерінен алынған әзірге бейресми мәліметтер бойынша, ҚР ҰҚК ШҚ экс-директоры генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов әскери бөлімше басшыларын жеткізуші-фирмаларынан «откат» деп аталатын салық жинап отыруды тапсырғаны үшін «күйіп» кетіп отыр. Істе айтылған сома айтарлықтай ауқымды: 45 мың доллардан 150 мың долларға дейін барады...», - деп көрсетілген дүйсенбі күнгі жарияланымда.

«Тауарлар мен қызмет тендерлерінде ұтып алуға септігін тигізгені және қамқорлықпен қанатының астына алғаны үшін пайыздар төлеп тұрған» азаматтық фирмалар ҰҚК тергеушісінің «бұрыннан бақылауында» болған.

«Әзірге анық белгілісі - Жоламанов өзіне сенімді өкіл ретінде тартып, қасына алып жүрген 2458 ә/б командирі подполковник Қайрат Балмағамбетов коммерсанттардан әр лоттың 10% мөлшерінде салық жинап жүрген», - делінген мақалада.

«Мегаполиске» белгілі болғандай, іс бойынша «Исток-1», «Арайлы», «Donatin» сынды ЖШС-тер өтеді. Бұл ретте мақалада атап көрсетілгендей, подполковник Қ. Балмағамбетовты 14 тамызда «комитетшілер полициямен қолға түсіргенде және оған қарсы пара алғаны үшін қылмыстық іс қозғағанда» Н. Жоламанов Алматыда Боралдай авиабаза аумағында шекара бөлімшелері мен застава командирлеріне қызмет көліктерінің кілтін тапсырып тұрып, мінбеден «оған кеңседегі біреулер оны орнынан тайдыруға қатты тырысып жатқаны туралы ақпарат белгілі екенін» мәлімдепті.

«(...) беті бүлк етпестен осы жерде, жымиып тұрып барлығының алдында, ол, генерал-лейтенант Жоламанов «әр кез елі мен президент алдында таза және адал болатынын» және ол шын мәнісінде «жаулары мен іші тарлардың арандатқанынан қорықпайтынын» мәлімдеді», - делінген мақалада.

Бұрындары хабарланғандай, ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің экс-директоры Нұрлан Жоламанов қамауға алынды, оны 27 қазанда тұтқындады. Н. Жоламанов пара алғаны ұйымдасқан қылмысқа қатысқаны үшін айыпталып отыр.

Дереккөз: ҚазТАГ

10 қараша 2014, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.