Атырау, 26 қараша 09:29
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

2015 жылы бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы қабылданады

1 375 просмотра

2015 жылы бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы қабылданады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бүгінде мемлекеттік органдар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы келесі жылы бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын қабылдау бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатыр. Тағы бір мәселе, өңірлердегі бюрократияға қатысты болып отыр. Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар жұмысының үйлеспеушілігі байқалады. Бұл ретте «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына өзгерістер енгізу бойынша Ұлттық экономика министрлігі, «Бәйтерек» холдингі, «Даму» қорымен бірлескен жұмыс жасалып жатыр. Өзгерістерді көп ұзамай енгізу жоспарланған. Оған сәйкес, мемлекеттік көмекті ұсыну мерзімі қайта қарастырылады», - деді Н.Әлтаев. Оның атап өтуінше, бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы 2015 жылы қабылданады. «Мемлекеттік қолдаудың барлық түрі бойынша бірыңғай оператор болады, ол кәсіпкерлерге мемлекеттік көмек көрсетеді», - деп толықтырды ол.

Дереккөз: bnews.kz

10 қараша 2014, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.