Атырау, 26 қараша 09:21
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

"Протон М" апатына байланысты өтемақы төлеу қарашаның соңында қаралады

1 554 просмотра

Фото: aex.ruФото: aex.ru"Байқоңырда" "Протонның" құлауына байланысты Ресейдің өтемақы төлеу мәселесі қараша айының соңында шешіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қылыорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевқа сілтеме жасап.

"Біздің мамандар келтірілген шығынды есептеп, оны 13,9 миллиард теңге деп бағалағанын айтқым келеді. Бірақ әдістемесі Ресеймен келісілмеді. Біздің мамандар өз әдістемесі бойынша, ресейліктер өз әдістемесі бойынша есептеу жүргізді. Сондықтан бұл мәселе бойынша ортақ мәмілеге келу үшін қараша айының соңында үкіметаралық комиссияның отырысы өтеді, онда экология мәселелері бойынша келісімге қол қойылады. Бұл отырыста осы мәселе шешіледі", - деп мәлімдеді әкім ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Оның сөзіне қарағанда, ресейліктер шығын өтеуге дайын екенін, бірақ алдымен оның әдістемесін келісіп алуды қалайтынын айтқан.

Еске сала кетейік, үш "Глонасс М" аппараты тиелген Ресейдің "Протон-М" зымыраны "Байқоңыр" ғарыш айлағының 81-алаңынан 2013 жылдың 2 шілдесінде ұшырылған еді. Қазақстан тарапы апаттан қоршаған ортаға келген залалды 13 миллиард теңгеден асады деп есептеді.

Дереккөз: tengrinews.kz

7 қараша 2014, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.