Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. РФ жалға алып отырған Байқоңыр мектептерінде білім алып жатқан қазақстандық балаларға президенттерің – РФ басшысы Владимир Путин деп үйретуді жалғастыруда, деп хабарлады Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.
«Бізде ол жақта қазақстандық стандарт емес, ресейлік стандарт бойынша қазақстандық балалар оқып жатқан 6 мектеп бар. Қазақ балалары қазақ мектептерінде «менің президентінің (РФ президенті Владимир – Путин) – Путин» деп жазылған оқулықтарды оқып отыр. Бұл қалай болғаны? (...) Ертең олар қандай азамат, патриоттар болады?», - деді Қ. Көшербаев жұма күнгі брифингіде.
Оның айтуынша, ондай мектептерді аяқтаған соң қазақстандық балалар Қазақстан ЖОО-ларына түсе алмайды.
Осыған байланысты, ол екі білім министрлігінің бірлескен жұмысы жүргізіп жатқанын хабарлап өтті. Әкім аталған мәселенің өз жауабын табатынына өз үмітін білдірді.
«Байқоңыр қаласындағы 6 қазақ мектебі бойынша мен олардың қазақша мемлекеттік стандарттарға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына көшуі туралы мәселе қойылып отырғанын айтқан едім. Іс жүзінде Қазақстан мен Ресей білім және ғылым министрліктерінің келіссөздері аяқталғалы тұр», - деп нақтылады ол кейіннен.
Өңір басшысының айтуынша, қарашаның соңында үкіметаралық комиссияның отырысы жоспарланған.
«Біз үкіметаралық комиссияның осы отырысында келесі жылдың 1 қыркүйегінен бастап бұл мектептердің Қазақстан Республикасының стандартына ауысуы туралы шешім қабылданатын болады деп күтеміз. Осылайша сол мектеп түлектерінің басына төнген проблема шешілетін болады, өйткені олар ресейлік стандарт бойынша оқығасын Қазақстан Республикасының ЖОО-ларына түсе алмады және Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде өз құқықтарынан шектелді», - деп түйіндеді ол.
Дереккөз: ҚазТАГ