Атырау, 26 қараша 09:29
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Тілші жұмысына бөгет жасайтындар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

1 444 просмотра

Баласына алимент төлеуден бас тартқандар - бұрын әкімшілік жазамен құтылып кетсе, келер жылдан бастап, қатаң жазаға тартылады. Сондай-ақ журналистердің жұмысына кедергі келтіретіндерді де - қылмыстық жауапкершілік күтіп тұр. Жол ережесін бұзғаны үшін, айыппұлмен ғана құтылатын жүргізушілердің де жазасы күшейтілмек, - деп хабарлайды 31 арна.

Бұған дейін әкімшілік жауапкершіліктің өзін құзырлы органның бірнеше қайтара ескертуімен, сес көрсетуімен әрең орындайтындардың келер жылдан бастап, ешкім басынан сипамайды. Мысалға, ата-аналық міндетін атқара алмайтындарға аяушылық жоқ. Мұның бәрі - жаңа кодексте болатын теріс қылық деген терминге тәуелді. 2015 жылдың бірінші қаңтарынан бастап, күшіне енетін күшейтілген кодекс талаптарын түсіндіру жұмыстарын Қарасай ауданының прокурорлары алғашқылардың бірі болып, бастап кетті.

Мәселен, әкімшілік қамауға алу 45 тәулік болатын еді, енді ол 30-дан 90 тәулікке дейін ұзартылады. Бұл әкімшілік қамау емес, керісінше қылмыстық теріс қылық үшін қамау болып табылады. Сонымен қатар, қазіргі қолданыстағы заң бойынша, көлігімен адам қаққан жүргізуші, жәбірленуші тараптың көңілін тапса, қылмыстық іс қысқарып жатады. Ал, жаңа заң бойынша, жүргізушіге қатаң жаза тағайындалып, іс қысқартылмайтын болады! Заң талабының бұлай күшейтілуі көптің көңілінен шығып жатыр.

"Бір ұлтты, қайбір халықты құрту үшін, оған еркіндік беру керек" - деген данышпандардың сөзі бар. Сондықтан адамдарға еркіндікті шексіз беруге болмайды!

Сондай-ақ, келер жылдан бастап, журналистердің ақпарат алуына кедергі келтіретіндерге де қатаң жаза тағайындалмақ. Яғни, тілші жұмысына бөгет жасайтындар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Кез-келген тақырыпта, сол тақырыпты халыққа жеткізу керек! Оны кедергі келтіруге, бөгеуге қақысы жоқ деп ойлаймын.

Дереккөз: Baq.kz

7 қараша 2014, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.