Жаңа жылға дейін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қызметінен кетуі мүмкін. Бұқаралық ақпарат құралдары Есімовтің орнына келуі мүмкін шенеуніктің де есімін жариялады.
Бұл туралы Kursiv.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Оңтүстік астананың әкімі қызметіне "Самұрық Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ төрағасы Өмірзақ Шүкеев келеді деген болжам бар.
Мұндай өзгерістер болуы мүмкін екенін саясаттанушы Қуат Күнболатов да растаған. Ол мұндай әңгіменің барын еліміздегі бизнес элитасының өкілдерінен естіпті.
Kursiv.kz-тің сенімді дереккөздерінің айтуынша, жаңа жылға дейін тағы бірнеше өзгерістер орын алуы мүмкін.
Егер Өмірзақ Шүкеев Алматыға әкім болса, оның Ұлттық компаниядағы орнына Асқар Мамин келеді деп күтілуде.
Еске сала кетейік, Ахметжан Есімов Алматы қаласының әкімі қызметін 2008 жылдан бері атқарып келеді.
Дереккөз: NUR.KZ