Атырау, 26 қараша 09:36
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Екінші қазақстандық банк 2015 жылы халал несиелер беруді бастайды

2 472 просмотра

Қазақстанда келесі жылдан бастап отандық банктердің тағы бірі – «Заман-Банк» -пайызсыз несие беру бойынша жұмысын бастайды деп мәлімдеді Исламдық қаржыландыруды дамыту қауымдастығының төрағасы Ерлан Байдәулет.

Белгілі болғандай, Қазақстанда алғашқы ислам банкі "Al-Hilal" Ислам Банкі" АҚ болды.

«Біз бұл жұмысты жүргізіп жатырмыз, келесі жылы осындай жоспардағы ипотекалық компанияны құру бойынша жұмыс жүргізу жоспарлануда. Менің ойымша, алғашқы қазақстандық исламдық бөлшек сауда банкі – бұл  «Заман-Банк» болады. Келесі жылдан бастап жүргізуді жоспарлап отырмыз.Алдымен банк лицензия алуы тиіс,  инвесторлардың қатысуымен ол белгілі дейгейге дейін  капиталдандырылады. Осының бәрі ескеріледі. Менің ойымша, келесі жылдан бастап осының бәрі халық үшін қолжетімді болады», - деді халал несиелер беру мүмкіндіктері туралы сауалдарға жауап берген Байдәулет.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

6 қараша 2014, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.