Атырау, 26 қараша 09:37
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Келімбетов рубльдің бүгінгі көрсеткіші теңгеге әсер етпейтінін жеткізді

1 595 просмотра

Ресей рублінің бүгінгі көрсеткішіне қарамастан теңге өзін жайлы сезінеді. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов осылай мәлімдеді.

Келімбетов рубльдің бүгінгі көрсеткіші теңгеге әсер етпейтінін жеткізді

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

"Егер Ресей рубліне қатысты жағдайға келсек, онда біз ең алдымен айырбас бағамының бір режимінен екінші режимге өту кезеңін бақылап отырмыз. Яғни, Ресей рублі қолмен басқарудан еркін жіберуге кетіп отыр. Ал бұл рубльдің еркін жіберілуі ең басында құнсыздану мен нығаю жағынан арасалмақты ажыратып өз орнын табуы керек. Сондықтан да, ресейлік сарапшылар келесі жылдың басына қарай рубль айтарлықтай нығаяды деп болжайды", - деді Қайрат Келімбетов.

Оның пайымынша, келесі жылдың басына қарай ресей рублі 1 долларға - 40 рубль дәлізінде сақталуы күтіледі.

"Ал біздегі жағдайға келсек, тіпті қазіргі көрсеткіште де теңге өзін жайлы сезінеді. Сондықтан да, айтарлықтай салмақты өзгерістер күтпейміз әрі 170-188 теңгелік дәліз тиісті тәуекелдерді дер уағында жабуға септігін тигізетін болады", - деді Ұлттық банк басшысы.

Дереккөз: NUR.KZ

6 қараша 2014, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.