Атырау, 26 қараша 09:23
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Украина Қазақстандағы бас консулдығын жапты

1 640 просмотра

Украина Қазақстандағы бас консулдығын жапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Украинаның Қазақстандағы елшілігінің баспасөз маманы Ирина Блащукке сілтеме жасап.

"Украинаның Алматыдағы бас консулдығы 1 қарашадан бастап жабылды. Азаматтарды қабылдау жүргізіліп жатқан жоқ. Бұл Украинаның сыртқы істер министрінің шешімі", - деді ол. Баспасөз маманы жабылған консулдықтың жұмысын Астанадағы елшіліктің консулдық бөлімі өзіне алатынын жеткізді. Қалаған адам Астанадағы Украина елшілігіне бара алады. 

Сонымен қатар, Блащук Украинаның Сучавадағы (Румыния), Прешовтегі (Словакия), Варнадағы (Болгария) және Марсельдегі (Франция) консулдықтардың жабылып жатқанын хабарлады. Сонымен бірге, Батумидегі (Грузия) консулдық агенттік, Нижний Новгородтағы (Ресей) бас консулдық, Хайфадағы (Израиль) және Куритибедегі (Бразилия) консулдықтар жұмысын тоқтатады. Баспасөз маманының айтуынша, консулдықтардың жабылуына қаржыны тиімді пайдалану себеп болып отыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

6 қараша 2014, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.