Қазақстанның биоалуандылықты сақтау қауымдастығы Қазақстанға 2016 жылға дейін Пржевальский жылқыларын әкелуді жоспарлауда деп хабарлады ұйымның атқарушы директоры Гүлмира Iзiмбергенова.
«ENRC тобының қолдауымен Қазақстанның тұмса табиғатына Пржевальский жылқыларын қайтару бойынша бағдарламаны бастағанымызды хабарлағым келедi, Қостанай облысында қашалар салынды, қазір негізгі проблема - Нюрнберг зообағына жылқыларды әкелу. Бұл оңай процес емес, құжаттарды, қағаздарды келісуді талап етеді және басқа да шаруалар бар. Біз биыл жоспарлаған болатынбыз, алайда уақыттың аздығынан үлгере алмадық… сондықтан 2016 жылдан кешіктірмей шаруаны қолға аламыз», - деді Iзiмбергенова сәрсенбіде баспасөз конференциясының сыртында.
Оның мәліметінше, осы жобамен қатар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұлттық бағдарламаны іске қосу жоспарланып жатыр.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.