Атырау, 26 қараша 07:30
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Бас прокуратура жол ережесі туралы жаңа заңды қайта қарауды ұсынып отыр

2 544 просмотра

Елімізде өткен айда ғана қабылданған жол ережесіне қатысты жаңа заң төңірегіндегі дау әлі басылмай тұр. 2 апта бұрын ғана күшіне енген құжатты қоғамдық ұйымдар енді қайта қарауды сұрап жатыр, деп хабарлайды КТК.

Әсіресе, қоғам белсенділерін шошытып отырған көлік тұрағына қатысты бап. Онда көліктерді кез-келген орынға қоюға тыйым салынған. Яғни тоқтайтын жеріңізде міндетті түрде «П» деген белгі болуы керек. Ал егер ондай белгі орнатылмаған жерге көлік қойсаңыз, 27 мың теңге айыппұл төлейсіз. Осындай қатаң өзгертулер көптеген жүргізушілердің түсінбеушілігін тудырды. Себебі, қала ішінде ондай белгі қойылған арнайы орындар тым аз. Сол үшін қоғамдық ұйымдар да заң жобасының шикі екендігін айтып, бас прокуратураға шағым түсірді. Енді, міне, сол прокуратурамен қоса, депутаттар да дау тудырған заңды қайта қарауды ұсынып отыр.

«Біздің көшелерде белгілер мен көлік қоюға рұқсат етілген жерлер аз. Заңды қабылдамас бұрын сондай көлік қоюға рұқсат етілген жерлердің санын арттыруымыз керек еді. Қаланың шетіне шығып кетсеңіз, ондай белгілерді тіпті таппайсыз.Сол үшін әлгі талапты алып тастау керек», -деді «Ортақ жол» қоғамдық бірлестігінің президенті Арсен Шакуов.

Дереккөз: bnews.kz

5 қараша 2014, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.