Атырау, 26 қараша 07:44
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Шымкенттік қызға ғашық болған мексикалық ислам дінін қабылдады

1 749 просмотра

Қазақтың аруына ғашық болған мексикалық Хесус Гарай қалыңдығы үшін ислам дінін қабылдады, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

«Мен Жанатпен танысқан кезде, ол маған ислам діні, оның ілімдері жайында, Жаратушы Алланың барша адамзатқа ортақ екенін айтты. Сүйіктімнің айтқандарынан кейін мен исламды бар жан-дүниеммен сүйіп, дінді қабылдауға бел будым», - деді Хесус Гарай (Иса).

Жас жұбайлар Америкада бейсбол матчтарының бірінде танысқан екен, содан бері екі жастың арасындағы достық қарым-қатынас еш үзілмепті. Осы уақыт бойы шымкенттік қалыңдық америкалық азаматтың оған сырттай ғашық болып жүргенінен бейхабар болған. «Шынымды айтсам, оның мені ұнатып жүргенін білген жоқпын, екеуміз жай ғана доспыз деп ойлайтын едім. Біз онымен жиі кездесіп, әңгіме-дүкен құрып, серуендейтінбіз. Ол мені мейрамханаларға шақыратын, алайда менімен шаңырақ көтеріп, отбасы құрғысы келеді деген ой басыма ешқашан келмепті», - дейді Жанат Әліпова.

Қазақстандық ару өзіне сөз салған шетел азаматымен некесін қидыруға келісімін беру үшін 10 жыл  ойланып-толғанған. «Исаның ұсынысынан кейін мен ұзақ ойландым. Өйткені ата-анам үзілді-кесілді қарсы болды. Бір күні олар Америкаға маған қонаққа келді, сол сәтті пайдаланып, мен жақындарымды Хесуспен таныстырдым. Біз барлығымыз круизге аттандық. Саяхат кезінде менің ата-анам болашақ күйеу балаларымен жақынырақ танысып, ақыр соңында батасын берді», - деп әңгімелейді Жанат.

Америкада тұратын жас жұбайлар болашақта Астанаға көшіп келуді жоспарлап отыр. Ғашықтардың арманы –елордадан мексикалық асхана мейрамханасын ашып, отбасылық бизнеспен айналысу.

Дереккөз: bnews.kz

4 қараша 2014, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.