Атырау, 26 қараша 07:20
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қарағанды облысында шахтада жарылыс болды

2 819 просмотра

Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында шахтада жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға салдарынан бір шахтер қайтыс болды, тағы бір жұмысшы жарақат алды.

Жарылыс 4 қараша күні таңсәріде "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі шахтаның 140 метр тереңдігінде болды. "Бізге төтенше оқиғаның жай-жапсары белгісіз. Комиссия жұмыс істеп жатыр. Шахтада өндірістік жарылыс жасауға қажетті жарылғыш заттарды орналастыру жөніндегі жұмыстар жүргізілгені белгілі", - деп хабарлады шахтаның әкімшілік корпусының өкілдері телефон арқылы.

Еске сала кетейік, мұның алдында Сәтпаевтағы шахтада "Жезқазғантүстімет" өндірістік бірлестігінің "Степной" кеніші басшыларының шалағайлығынан жарылыс болған еді. Оның салдарынан үш кенші қаза тауып, тағы бір адам жарақаттанды. "Кеніште жарылғыш заттардың болуы - аталған кәсіпорын басшылары тарапынан болған салақтық. Бұл есепке алынбаған жарылғыш зат деуге әлі ерте, тау-кен жұмыстары жарылғыш заттарды қолдануға негізделген, мүмкін, әлдекім қоймаға түсуге ерінген болар", - деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД мамандары.

Дереккөз: Tengrinews.kz

4 қараша 2014, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.