Атырау, 26 қараша 07:49
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Үкімет бала асырап алғандарға жәрдемақы төлемек

1 683 просмотра

Жетімді жебегендерге мемлекет ақша береді! Үкімет келер жылдан бастап бала асырап алған ата-аналарға бір реттік жәрдемақы төлемек. Оның көлемі 150 мың теңге болып белгіленді деп хабарлайды КТК арнасы.
Жетім ұл-қызды асырап алған отбасы, баладан бас тартқан жағдайда, мемлекет төлеген жәрдемақыны толықтай қайтаруы тиіс. Сондықтан мұндай келеңсіз жағдайға тап болмасы үшін жеткіншекті өсіріп жеткізуге міндетті.

Білім министрлігінің мәліметінше, соңғы 5 жылда балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің саны күрт азайған. Қазіргі таңда 10 мыңның шамасында.

Оның үстіне, мемлекет әр балаға айы сайын 18 мың теңгеден бөліп отыр. Осы кезге дейін патронаттық ата-аналар айына 35 мың теңге алып келді. Тек асырап алушыларға соқыр тиын да төленбейтін. Енді бұл олқылық қаңтар айынан бастап жойылуы тиіс.

"Жәрдемақы төлеудің ержелері бекітілді. Оны алу үшін жетім баланы асырап алушы Қазақстан аумағында тұруы тиіс. Бір айта кетерлігі жәрдемақы тек жаңа ата-аналарға беріледі. Бұған дейін асырап алғандарға берілмейді", - дейді  балаларды қорғау Комитетінің төрайымы Зәбира Оразәлиева.

Дереккөз: nur.kz

4 қараша 2014, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.