Атырау, 26 қараша 07:31
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Сейсмологтар Оңтүстік Қазақстанда жиілеп кеткен жер сілкіністері жайында түсініктеме берді

2 157 просмотра

Фото: total.kzФото: total.kzАлматы. 3 қараша. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Оңтүстік Қазақстанда жиілеп кеткен жер сілкіністері эпицентрдегі елді мекендер үшін қауіп туғызбайды, деп санайды ҚР БҒМ сейсмология институты өңірлік сейсмикалық зертханасының меңгерушісі Алла Садықова.

 

Мұнымен бірге ол ОҚО-да жер сілкіністерін болжауға арналған құрылғылар жетіспейтінін атап өтті.

«Оңтүстік Қазақстан өңірінде небары бес сейсмикалық станса орнатылған, және ол желі зілзаланы болжау үшін тым жеткіліксіз, аппараттық жарақтану бізде кемшін болып тұр», - деді А. Садықова.

 

Сонымен қатар ол тіпті бес стансаның жартысы әртүрлі себептердің кесірінен қызмет етпей қалатынын атап өтті.

«Бізде жақсы жарақтану сейсмикалық жағынан қауіпті Алматы облысында ғана, оның өзі де барлық аумақ бойынша қамтылмаған», - деп баса айтты ол.

 

Сарапшының айтуынша, сейсмикалық стансалардың қуаттырақ желісін жазу бағдарламасы Оңтүстік Қазақстанда бар, бірақ қаржыландыру жоқ, себебі тіпті бір ғана заманауи стансаның орнатылуы – қымбатқа түсетін шара.

Мұнымен бірге А. Садықова сейсмологтардың құзырында сейсмикалық аудандаудың республикалық карталары бар екенін, өңірлік ауқымдағы ондай карталардың әр облыс әкімдігінде барын атап көрсетті.

 

Хабарланғандай, Оңтүстік Қазақстан облысында 27 қазан күні магнитудасы 3,9 жер сілкінісі тіркелген. 4,2 балдық күші бар тағы бір жер сілкінісі 31 қазан маңайында орын алды. 

 

Дереккөз: ҚазТАГ

3 қараша 2014, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.