Атырау, 3 қазан 11:22
 бұлттыВ Атырау +23
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры дүниеден өтті

2 918 просмотра

Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Ғұмарбек Дәукеев дүниеден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz жоғары оқу орнының сайтына сілтеме жасап.

"2014 жылдың 3 қарашасында энергетика және байланыс университетінде сабақтар 14.20-ға дейін ректор Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлының қазасына байланысты қоштасу рәсімі өтетіні себепті болмайды", - делінген хабарламада. 

Ғұмарбек Дәукеев Ленин атындағы қазақ политехникалық институтын 1971 жылы бітірген. Әр жылдары ол Алматы энергетикалық институты кәсіподақ комитетінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Ғылым мен техника жөніндегі Жоғарғы консультативтік кеңес аппаратының, ҚР Министрлер кабинеті Іс басқармасының сектор меңгерушісі, жетекшісі қызметтерін атқарады. 1997 жылы сәуір айынан бастап Алматы энергетика және байланыс университетінде ректоры қызметінде болды. "Ерен еңбегі үшін", "Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медальдарымен марапатталған. 50-ге жуық ғылыми мақаланың авторы, бес авторлық куәлігі мен патенті бар.

Дереккөз: Tengrinews.kz

3 қараша 2014, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.