Атырау, 26 қараша 08:51
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ҰҚК Шекара қызметінің директоры пара алды және қылмыстық топ құрды деп айыпталуда

2 782 просмотра

Фото: Қазақстан жаңалықтарыФото: Қазақстан жаңалықтарыАСТАНА, 30 қаз - Қазақстан жаңалықтары АА.  ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры Нұрлан Жоламановқа пара алды және қылмыстық топ құрды деген айып тағыды, деп хабарлады Ақмола горнизонының әскери сотының баспасөз қызметі.

«ҚР ҚК 311-бабы (Пара алу) 5-бөлімі және 235-бабы (Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу) 3-бөлімі (Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу) бойынша айып тағылды», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

27 қазанда Қазақстан Республикасы ҰҚК жеке қауіпсіздік бөлімшесі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің лауазымды тұлғалары тарапынан қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланған фактілерге жүргізген тексеру шеңберінде қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш қылмысты жасады деген күдікпен Шекара қызметінің директоры Н. А. Жоламанов ұсталған болатын. Сот Жоламановты 27 желтоқсанға дейін тұтқынға алу туралы үкім шығарды.

Дереккөз: newskaz.kz

30 қазан 2014, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.