Фото: ИА Новости-КазахстанҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры Нұрлан Жоламановты тұтқынға алуға 27 желтоқсанға дейін санкция берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ақмола гарнизонының әскери соты таяуда кешкісін Жоламановқа қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау жөніндегі материалдарды қарады. Сот бұлтартпау шарасы ретінде 27 желтоқсанға дейін қамауға алуды анықтады", - деп хабарлады Әскери соттың баспасөз хатшысы Мақпал Мағзұмова.
Еске сала кетейік, Қазақстанның Шекара қызметінің директоры Нұрлан Жоламанов қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен 2014 жылдың 27 қазаны күні ұсталған еді. Бұл іс бойынша қажетті тергеу-жедел шаралары жүргізіліп жатыр. Шекара қызметі директорының ісін ҚР Бас әскери прокуратура қадағалайтын болады.
ҚР Шекара қызметінің директоры Нұрлан Жоламанов бұл лауазымға 2013 жылдың қаңтарында тағайындалған. Ол әр жылдары ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Әуе қорғанысына қарсы жасақтары басқармасының бастығы, ҚР ҚК Жоғарғы шекара командалық училищесінің бастығы, ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының ұрыс дайындығы басқармасының бастығы, ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысы, Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтары комитеті төрағасының орынбасары, Қорғаныс министрінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Дереккөз: tengrinews.kz