Фото: ИА Новости-КазахстанАСТАНА, 30 қаз - Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстандықтарды суық әрі созылмалы қыс күтуде, деп хабарлайды елорданың ресми сайты «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Биыл Астанада қыс қатты болады деп күтілуде. Қазан айының қара суығынан кейін қараша айының алғашқы екі аптасында күн жауын-шашынды болып, жылылық сақталады. Алайда, қарашаның үшінші онкүндігінде аяз күшіне енеді. Синоптиктердің болжамынша, түнде ауа температурасы – 26° төмендесе, күндіз – 20° дейін суытады.
Гүлмира Ардашқызы, Астана қаласы «Қазгидромет» РМК Ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы:
«Желтоқсан айы суық болады деп болжануда. Бұл кезде ауа температурасы түнде – 25 ° - 30 °, күндіз – 20 ° - 25 ° төңірегінде болады. Ұзақ мерзімді болжам бойынша Жаңа жылды ұшқынды қармен және аязды күндермен қарсы алуымыз әбден мүмкін».
Ал, қаңтар айында қыс қаһарына мінеді. Бұл кезде ауаның сынап бағынасы – 43° жетеді. Күндіз – 25° – 30° аяз сақталады.
Гүлмира Ардашқызы, Астана қаласы «Қазгидромет» РМК Ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы:
«Қатыгез қыс біздің климатымыз үшін үйреншікті. Ешқандай ауытқусыз деуге болады. 2012 жылы желтоқсан айының 15-де қақаған аяз – 40 ° жеткен болатын. Дәл осы 15 желтоқсанда ең төменгі минимум -44 ° жетті. Біз осындай қақаған аязды күтіп отырмыз».
Ал, көктемде құбылмалы ауа райы сақталып, суық күндер көктемнің жайма шуақ күндерімен алмасады.
Дереккөз: newskaz.kz