Астана. 28 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысу үшін Дубай қаласына келді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
Ақорданың ресми сайтында жарияланған хабарда осылай деп көрсетілген.
Бұрын хабарланғандай, Дубайда (БАӘ) «Экономикалық өсу үшін инновациялық серіктестік» тақырыбында X Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы өтуде. Форумда бірқатар елдердің мемлекет басшылары мен үкімет басшылары және халықаралық ұйымдар, іскер топ өкілдері, сарапшылар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысуда.
Дереккөз: ҚазТАГ