Қазақстанның Шекара қызметінің директоры Нұрлан Жоламанов қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"27 қазан күні ҚР ҰҚК өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері ҚР ҰҚК Шекара қызметі лауазымды тұлғаларының қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану деректерін тексеру аясында қылмыстық іс қозғады", - деп хабарлады ҰҚК өкілдері. Олардың мәліметінше, іс бойынша тиісті тергеу-жедел шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР Шекара қызметі директорының ісі бойынша ҚР Бас әскери прокуратурасы қадағалау жүргізеді.
Еске сала кетейік, ҚР Шекара қызметінің директоры Нұрлан Жоламанов бұл лауазымға 2013 жылдың қаңтарында тағайындалған еді. Ол әр жылдары ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Әуе қорғанысына қарсы жасақтары басқармасының бастығы, ҚР ҚК Жоғарғы шекара командалық училищесінің бастығы, ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының ұрыс дайындығы басқармасының бастығы, ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысы, Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтары комитеті төрағасының орынбасары, Қорғаныс министрінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Дереккөз: tengrinews.kz