Атырау, 3 қазан 09:29
 бұлттыВ Атырау +23
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Turkvision байқауына қатысатын әнші анықталды

2 195 просмотра

Ресейдің Қазан қаласында өтетін Turkvision-2014 ән байқауына Қазақстан атынан әнші Жанар Дұғалова қатысатын болды деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары.

Байқауға Қазақстаннан баратын әншіні іріктеу сынында көрермендердің СМС арқылы дауыс беруі нәтижесінде Жанар Дұғалова әншілер Нұржан Керменбаев пен Серік Ибрагимовтен және тағы екі топтан басым түскен.

Eurovision байқауына балама ретінде ұйымдастырылған Turkvision байқауы 20 түркітілдес мемлекет пен аймақтар арасында өткізіледі.

Байқау жыл сайын түркі әлемінің астанасы деп белгіленген қалада өткізіледі. Биыл бұл мәртебеге ие болған Қазан қаласында Turkvision байқауы қараша айында өтеді.

Дереккөз: Азаттық радиосы

27 қазан 2014, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.