Фото: thenews.kzАстана. 27 қазан. ҚазТАГ – ҚР бас прокуратурасы БТА банктің экс-басшысы Мұхтар Әблязовты Қазақстанға экстрадициялау туралы Украинамен келісуі керек, деп есептейді ҚР бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель.
«...Қазір мәселе қарастырылуда (...). Француздарға біздің өтінішіміз түспей қалды, енді біз Әблязовты экстрадициялау туралы Украинамен келісуіміз керек, яғни бұл мәселе алға жылжыды...», - деді Иоган Меркель, дүйсенбі күні «Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау барысында мәлім етті. Өткен жұма күні француздардың Romandie басылымы хабарлағандай, Лионның аппеляциялық соты БТА банктің экс-басшысы Мұхтар Әблязов ты экстрадициялау туралы шешім заңды деп тапты. «Лионның аппеляциялық соты қазақстандық олигархтың Украина мен Ресейге экстрадициясына санкция берді. Бұл ретте Ресейге беру басымдығы артық», - делінген жарияланымда. Бұл ретте, М. Әблязовтың адвокаттары аталған шешімді бұздыру мақсатында мемлекеттік кеңес пен адам құқықтары жөніндегі еуропалық сотқа шағымданбақшы. 9 сәуірде Францияның кассациялық соты қазақстандық қашқын экс-банкирді экстрадициялауды болдыртпай тастаған. Биылғы жылғы ақпанда француздардың соты М. Әблязовты Ресейге беру туралы шешім қабылдады. Бұрындары, 2013 жылғы 31 шілдеде француздық интерпол бюросы Әблязовты Франция аумағында қолға түсіргенін мәлім еткенді. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары «БТА Банкі» АҚ-ның 5 млрд АҚШ долларынан астам қаражатын ұрлаған және қылмыстық жолмен табылған табыстарды жылыстатқан ұйымдасқан қылмыстық топты құру мен оған басшылық жасау деректері бойынша қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда. Аталған қылмыстық істер бойынша 2009 жылғы 6 наурызда М.К. Әбләзовқа оны ұстау мен экстрадициялау мақсатында қамауға санкция бере отырып, халықаралық іздеу жарияланған. Мұнымен қатар бірқатар қылмыстарды жасау айыптары бойынша Ресей мен Украинаның құқық қорғау органдары М.К. Әбләзовқа іздеу жариялады М.К. Әбләзовтың және оның сыбайластарының әрекеттері Кипр, Венгрия және Латвияның құқық қорғау органдарының қылмыстық тергеулерінің нысаны болып табылады. Ирландия мен Финляндияның уәкілетті органдары М.К. Әбләзовтың үлестес компанияларының қызметтерінде тексерістер жүргізуде.
Одан бөлек, 2012 жылғы ақпанда Ұлыбританияда Лондонның Жоғары Сотының шешімімен сотты құрметтемегені үшін М.К. Әбләзовқа 22 ай мерзімге түрмеге қамау түріндегі жаза тағайындалды, алайда ол ағылшындық сот төрелігінен бой тасалады.
Ағымдағы жылдың 2 тамызында Қазақстанның бас прокуратурасы Францияға М. Әбләзовты экстрадициялау туралы өтініш жіберген. Сондай-ақ экстрадиция туралы өтінішін Ресей де жолдаған.
2014 жылғы 9 қаңтарда француздық сот Украина мен Ресейдің экстрадиция туралы өтінішін қанағаттандырды. Бұл ретте француздар М. Әбләзовты Ресейге беруді басым деп шешті.
М. Әблязовтың эстрадициясы туралы аппеляциялық сот шешімін кассациялық сот қарамайынша ол Францияның түрмесінде болды.
Дереккөз: ҚазТАГ