Қазақстан 2015 жылы Еуропалық одақтың «қара тізімінен» қалған авиакомпанияларды шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚР инвестиция және даму министрлігі.
Хабарламада көрсетілгендей, жұма күні ведомство басшысы Әсет Исекешев Алматыда ұшу қауіпсіздігі мәселелеріне арналған жиналыс өткізді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылғы сәуірден бастап Air Astana авиакомпаниясынан Еуропаға ұшудың шектеулері алынып тасталды. Ағымдағы жылдың жазында Қазақстан ИКАО аудитінің әуе кемелерін сертификаттау үдерісіне қатысты 2 маңызды ескертпесінің 1-ін жойған болатын. Сонымен қатар, келесі жылы авиакомпанияларды сертификаттауға қатысты қалған елеулі ескертпені жою жоспарлануда. 18 әуежайдың 13-індегі ұшу-қону жолақтары (ҰҚЖ) реконструкцияланды. Келесі айда Орал қаласындағы және бір ҰҚЖ-ның жөндеуі аяқталады.
Жалпы 2015 жылы қазақстандық авиакомпаниялардың Еуропа Одағы елдеріне ұшуға қойылған шектеулерін алып тастау жоспарлануда; 2018 жылға дейін барлық ҰҚЖ-н реконструкциялауды аяқтау; 2017 жылға дейін ішкі рейстердің санын 50%-ға, ал халықаралық рейстерді 1,5 есеге арттыру көзделуде.