Атырау, 6 желтоқсан 09:16
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Әділбек Жақсыбеков Астана қаласының әкімі болды

3 222 рет қаралды

Әділбек Жақсыбеков Астана қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Жақсыбеков әр жылдары Қазақ КСР-і Мемлекеттік кино және Мемлекеттік жабдықтау жүйелерінде жұмыс істеді. бірқатар кәсіпорынға жетекшілік етті. 1988-1995 жылдары "Цесна" көпсалалық корпорациясының басшысы болды. 1995 жылы Парламент Сенатына сайланды. Ақмола облысы әкімінің орынбасары болды. 1997-2003 жылдары Астана әкімі, 2003-2004 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрі қызметтерін атқарды. Содан кейін төрт жыл бойы ҚР Президенті Әкімшілігін басқарды. 2008 жылдың қаңтарынан қазанына дейін "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары - ҚР Президентінің кеңесшісі болды.

2008-2009 жылдары Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып жұмыс істеді. 2009-2014 жылдары Қорғаныс министрі қызметін атқарды. Осы жылдың сәуір айында Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

22 қазан 2014, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.