Атырау, 3 қазан 07:42
 бұлттыВ Атырау +23
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

4 жасар балаға теледидар лақтырған еркектің есі дұрыс болып шықты

2 359 просмотра

4 жасар Ислам Катаевқа теледидар лақтырған еркектің есі дұрыс болып шықты, - деп хабарлайды "Актау Бизнес". Бұл туралы Маңғыстау облысының қылмыстық істер бойынша апелляциялық алқасының төрағасы Рахметулла Хайрулин мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың тамызында Ислам Қатаев кинескоп тиіп жарақаттанған болатын. 

Хайрулиннің айтуынша балаға теледидар лақтырып жіберген ер адам талай рет мас күйінде учаскелік полицияның назарына іліккен екен. Бүгін сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы шықты. Қорытындыға сәйкес, баланың денсаулығына залал келтірді деп айыпталған Халан деген азаматтың есі толықтай дұрыс. 

"Ол өзінің азаматтық некедегі әйелімен тұрады, ішеді. Қазір ол өзінің кінәсін мойындамай отыр. Алайда дәл қазір оны кінәлі деп айтуға да ертерек. Бірақ бала зардап шекті, денсаулығынан айрылды, анасы да әбден күйзеліп бітті", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, күдіктіден зардап шеккен баланың туыстары 11 миллион теңге өндіріп алмақшы. Олар баланың денсаулығына осыншалықты залал келтірілді деп санайды. Исламның анасы Екатеринаның айтуынша, баланың көзі көрмей қалған, қазір ол сал болып қалды. "Осындай қылмыс жасаған адам өз ісіне жауап беруі керек", - дейді ашынған ана.

Айта кету керек, теледидар лақтырған ер адам өзінің бұл қылығы үшін ҚР ҚК-нің 111-бабы бойынша ("Абайсызда біреудің денсаулығына зиян келтіру") жауапқа тартылады. Ол қоғамдық жұмыс атқарады немесе 200 айлық есептік көрсеткішіне сәйкес айыппұл төлейді. (2015 жылғы көрсеткіш бойынша 396 400, 2014 жылғы көрсеткіш бойынша 370 400 ). Ер адам өзінің кінәсін мойындаудан бас тартып отыр.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

22 қазан 2014, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.