«ҚазТрансОйл» компаниясы осы жылдың тоғыз айында 46 млн тонна мұнай тасымалдаған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифинг барысында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Қайыргелді Қабылдин мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Бүгінгі таңда «ҚазТрансОйл» компаниясы мұнайды сыртқы және ішкі нарыққа тасымалдай отырып, өндіріліп жатқан мұнайдың 60% қамтып отыр. Қазақстанда жұмыс істейтін 80-нен астам мұнай өңдеуші компания біздің клиент болып табылады»,-деді Қабылдин.
«2013 жылы біздің компаниямыз Қазақстанда өңделген мұнайдың 67 млн тоннасын тасымалдаған. Ал осы жылдың тоғыз айында шамамен 46 млн тонна мұнай тасымалдадық»,-деп мәлім етті ол.
Дереккөз: bnews.kz».