Атырау, 3 қазан 07:40
 бұлттыВ Атырау +23
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

ОҚО-да жасөспірімдер арасындағы кикілжің атыспен аяқталды

2 033 просмотра

Оңтүстік Қазақстанда жастар арасындағы кикілжің атыспен аяқталды. Төлеби ауданының орталығы Леңгірде мектеп оқушыслары мен студенттер аралас екі топ кім күшті екенін шешпек болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Жігіттер жауға шабардай қару-жарақпен келіпті. Әу бастан әңгімелері жараспаған соң, жиналғандардың біреуі қарсы топқа қарай оқ атқан. Салдарынан, 11-ші  сыныптың оқушысы басынан жарақат алып, ауыр хәлде ауруханаға түсті.

Леңгірдегі №1-ші және №2-ші мектептің арасындағы кикілжіңнің келе жатқанына біраз жыл болған екен. Бұл жолы да қос мектептің бірнеше түлегі өзара мықтыны анықтамақ болыпты. Кешкісін төрт-төрттен жиналған екі топ қаруларын беліне байлап, кездесуге келген.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

21 қазан 2014, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.