Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановатың "Үкілі Кәмшат" ("Хозяева") фильмі АҚШ пен Польша кинофестивальдерінде екі жүлде алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Варшава халықаралық кинофестивалінде картина "Свободный Дух" секциясында бас жүлдені алды, бас жүлдеге жаңа бағыттағы 15 картина ұсынылған еді. Сонымен қатар, 50-ші Чикаго фестивалінде қазақстандық фильм сонылығы үшін "Золотая чаша" сыйлығына ие болды.
Лентаның әлемдік премьерасы 2014 жылдың мамыр айында Канн фестивалінлд болған, оның нәтижесінде туынды сыншылардың жоғары бағасын алды. Бұдан басқа, Әділхан Ержановтың жұмысы Словакия, Голландия, Польша, Сингапур, Оңтүстік Корея, Ресей едеріндегі фестивальдерге қатысты. Ал жақында Торонто қаласында өткен кинофестивальде канадалық сыншы Джонатан Уайт "Үкілі Кәмшат" фильмін ТОП-5 үздік фильмдер қатарына енгізген еді.
"Үкілі Кәмшат" фильмі ағалы-інілі ағайындар мен олардың қарындасы туралы. Олар елдегі жемқорлық жүйенің кесірінен үйінен айырылады. Олардың үйіне жергілікті тұрғын өзінің туысқаны болып келетін учаскелік қызметкердің көмегімен таласа бастайды. Ал үй иелерінің қорғаныш болар туысқаны болмайды. Бірақ олар үйді күрессіз беріп қойғысы да келмейді. Картинаның жанры - карикатуралы шындық элементтері бар абсурдты драма. Фильмнің түсірілімдері Алматы облысында болған, басты рөлдерді Жүргенов атындағы өнер академиясының түлектері сомдаған.
Дереккөз: Tengrinews.kz