"Жол қозғалысы туралы" заңның айтарлықтай жаңалығы - жаңа жүргізуші куәлігі. Оларда жеті категория болады: A, В, С, D; BE; СЕ; DE және алты бөлігі: А1, В1, С1, D1, C1E және D1E. Бұл скутер, мокик (А1), трицикл (В1) және басқа мини-транспорттарды пайдалануға беруді реттейді. Жаңа көлік жүргізуші куәліктерін бірінші рет алып отырғандар алады, ал ескі нұсқадағылар жүргізуші куәлігі мерзімі біткенше жарамды болады. Жаңа нұсқадағы куәлікті алғысы келгендер үшін ерікті түрде беріледі.
Мақтанып қалғысы келетіндер "Жол қозғалысы туралы" заңның арқасында "әдемі" нөмірлерді еркін ала алады. Бұл үшін жүргізушілер халыққа қызмет көрсету орталығына баруы тиіс. Мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері: 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400 - 253 724 теңге. Дәл осындай баға 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмір белгілеріне де қойылған. Ал 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сияқты ерекше назардағы нөмір белгілері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заңында 422 256 теңге деп көрсетілген. Мұнымен бірге, мемлекеттік органдардың қарауындағы көліктердің нөмір белгілеріне деген салық - 5186 теңге."Жол қозғалысы туралы" заңның тағы бір бабы көлік кузовына аэрографиялық үш өлшемді сурет салуға тыйым салады.
Сонымен қатар, автокөлік жүргізуге берілген сенімхат полицияда тіркелмесе жауапкершілікке тарту көзделген. Тіркелмеген жағдайда жүргізушіге 0.5 айлық есеп көрсеткіші сомасында (926 теңге) айыппұл салынады."Жол қозғалысы туралы" заң жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізушіге инспектор автокөлігіне отыруға тыйым салады. Сонымен бірге, бұл заңда полицейлердің жүргізушіні тоқтатудың негізгі себептері жазылған. Тоқтау мен тұрақ белгісі жоқ жол мен көшелерде көлік қоюға және тоқтауға болмайды.
"Жол қозғалысы туралы" заң 4 жылдан ескі емес (шыққан жылын қосқанда) көліктердің міндетті техникалық қараудан өткізуден босатады. 4 жылдан аспаған көліктердің ішінде жүргізушіні қоспағанда 8 орны бар және коммерциялық мақсатта қолданылатын көліктер де техникалық байқаудан өтуге міндетті емес.
Дереккөз: tengrinews.kz