ҚР Ұлттық банк басшысының кеңесшісі Олжас Құдайбергенов 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап банкпен арадағы Еңбек шартын ұзартпауды ұйғарды. Бұл туралы танымал экономист Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Kapital.kz.
«Мұның себебін әзірге егжей-тегжейлі баяндамақ қояйын, дегенмен, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап банкпен арадағы Еңбек шартын ұзартпаймын, бұрын жұмыс істеген Макроэкономикалық зерттеулер орталығына қайтып барамын деп шештім. Сонымен қатар, «тәуелсіз директор» немесе «кеңесші» қызметтерін ұсынатындар болса, қарсы емеспін», - дейді О.Құдайбергенов.
Сонымен бірге, ол қазір Қазақстан Экономистер қауымдастығының атқарушы директоры қызметін және Taiburyl қайырымдылық қорының жұмыстарын қоса атқарып жүр. Ал келер жылдың қаңтарынан бастап еліміздің жоғары оқу орындарының бірінде дәріс бере бастайды.
Дереккөз: bnews.kz
20 қазан 2014, 10:24
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.