Атырау, 3 қазан 07:42
 бұлттыВ Атырау +23
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Қазақстан Маврикиямен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты

2 036 просмотра

Нью-Йоркте  БҰҰ жанындағы Маврикия мен Қазақстан Республикасының тұрақты өкілдері Қайрат Абдрахманов пен Милан Джая Нямраджсингх Митарбхан екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
«Қол қою рәсімі кезінде екіжақты деңгейдегі ынтымақтастық туралы және БҰҰ-ның күн тәртібіндегі Қазақстан мен Маврикия үшін  маңызды мәселелер бойынша пікір алмасылды. Тараптар экономикалық даму, мемлекеттер арасында өзара тиімді байланыстарды кеңейту, әсіресе туризм, қаржы, сауда, өндіруші өнеркәсіп, энергетика, аймақтық нарыққа қолжетімділіктің маңыздылығына тоқталды. Өзара әрекеттестікті нығайтудың алғашқы қадамдары ретінде ҚР мен Маврикия арасында қосарланған салықты болдырмау, инвестицияларды өзара тиімді қорғау бойынша келісімге қол мәселесі қаралды», - деп атап өтілген хабарламада.
Қазақстан Республикасының атынан Маврикия билігіне халықаралық ЭКСПО-2017  көрмесіне қатысуға шақыру тапсырылды.
Маврикия Республикасы Үнді мұхитының оңтүстік-батысында, аралда орналасқан, 1 миллионнан астам халқы бар парламенттік республика.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

20 қазан 2014, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.