Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин бүгін Калифорнияда өткен 31-і кездесуінде 31-і жеңісіне қол жеткізді. Ол қарсыласы, мексикалық Марко Антонио Рубионы екінші раундтың орта тұсында нокаутқа жіберді.
Геннадий Головкин мексикалық Марко Антонио Рубионы нокаутпен жеңді
Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.
Осылайша, ол WBS тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағына қол жеткізіп, орта салмақтағы WBA және IBО тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды.
66 кездесу өткізіп, оның 59-а жеңіске жеткен Марко Антонио Рубио Геннадийге соққыларын дарыта алған жоқ. Екінші раунд орталағанда Головкиннің сол қолымен жасаған жойқын соққысынан Рубио құлап қалды.
Бұл бокс кешінде қазақстандық жас боксшы Руслан Мәдиев алғашқы жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жеткенін де еске саламыз.
Геннадий Головкин Қарағанды бокс мектебінің түлегі. 2003 жылғы әлем чемпионы, 2004 жылғы Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері. Кәсіби боксқа ден қойғанынан 8 жылдан асты. Бүгінде 31 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Дереккөз: NUR.KZ