Бразилияның TV Globo танымал телеарнасы Қазақстан Республикасының Бразилиядағы елшілігінің көмегімен Қазақстан туралы бір сағаттық арнайы репортаж көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстанда қазіргі заманғы өмір стилі мен шығыстың көне дәстүрлері ерекше әдіспен үйлесім тапқан. Қазақстанның табиғаты айтарлықтай бай, соның арқасында бұл елде экотуризмнің, тау шаңғысы спортының, белсенді тынығу мен жағажай демалысының және сауықтыру шараларының мүмкіндігі мол", - дейді TV Globo арнасының жүргізушісі.
Репортаждың анонсын мына жерден көруге болады.TV Globo - маңызы жөнінен Бразилиядағы ең алғашқы португалтілді телекоммуникациялық компания.
Дереккөз: tengrinews.kz