Атырау, 26 қараша 05:43
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Үкімет мұнай бағасының төмендеуіне байланысты 2015 жылдың бюджетін қайта қарайды

1 351 просмотра

Қазақстан Үкіметі мұнай бағасының төмендеуіне байланысты 2015 жылдың бюджетін қайта қарайды. Бұл туралы бүгін Алматыда II халықаралық «Almaty Invest 2014» инвестициялық форумы барысында  ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

«Қазақстан Үкіметі алдағы жылдың бюджетін қайта қарайды. Өйткені, мұнай бағасы төмендеп, бір  баррелі 80 долларға түсуі мүмкін» - деді өз сөзінде Б. Сағынтаев.

Айта кетелік, аталмыш форум барысында қатысушылар, Алматы қаласының жаңа Жібек жолының қаржылық орталығы және Исламдық қаржыландыру орталығы ретіндегі даму стратегиясын, сонымен қатар, ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы жағдайында орын алатын жаңа инновациялық инфрақұрылымдық шешімдерді, ұлттық инновациялық жүйе, туризм және «жасыл» экономика мәселелерін талқылайды.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

17 қазан 2014, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.