Атырау, 20 маусым 06:42
 ашықВ Атырау +24
$ 519.55
€ 596.03
₽ 6.63

Қазақстан АШМ бұрынғы вице-министрі Өмірияев 10 жылға сотталды

2 352 рет қаралды

Қазақстанның бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өмірияев аса ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жылға сотталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі сот залынан.

«Сот  Өмірияев М.Т.-ны ҚР ҚК 311 бабы 5 бөлімі  (Пара алу) айыпты деп таныды. Оған тиесілі мүлкін тәркілеумен қатаң режимдегі түзету колониясында 10 жылға жазасын өтеуге шешім шығарылды. Өмірияев М.Т.-ны мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымды қызметті атқару құқығынан 7 жылға айыру үкімі шықты. Жазаны өтеу мерзімі оның ұсталған кезі, яғни 2013 жылғы  21 желтоқсаннан бастап саналады», - деді судья Ербол Рахымбеков бейсенбіде.

Сот процесі Астана қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында өтті. Өмірияевтің қорғаушылары Владимир Русин және Серік Хайруллин болды.

2013 жылғы 21 желтоқсанда жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері мемлекеттік сатып алу конкурстарында жеңіске жетуге көмектескені үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікпен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі Өмірияевті ұстаған болатын.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

16 қазан 2014, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.