Атырау, 26 қараша 05:55
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Виктория Ганяны өлтірді деген күдікпен ұсталған жігіттің ақыл-есі сау болып шықты-ІІМ

1 803 просмотра

7 жасар Виктория Ганяны өлтірді деген күдікпен ұсталған жас жігіттің ақыл-есі дұрыс деп танылды деп хабарлайды «Алау» ақпараттық порталы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Нұрділдә Оразға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазіргі таңда қылмысты тексерумен ҚР ІІМ Тергеу комитеті айналысып жатыр. Жедел тергеу тобының құрамында ІІМ, Қостанай облысы ІІД, аудандық ІІБ дәне Рудный ІІБ қызметкерлері бар.Қылмыстық істі тексеру барысында қолға түскен күдіктіге қатысты кешенді психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалып, өткізілді.

«Сараптама қорытындысы күдіктінің ақыл-есі дұрыс екенін көрсетті, қазір одан жауап алынуда, күдікті қылмысқа қатысы барын жоққа шығарған жоқ»,-деді Ораз Қостанайда брифингте.

Оның мәліметінше, тергеу мүддесіне байланысты күдікті туралы ақпарат жария етілмейді.

«Ішкі істер министрлігі қылмыстық істі тезірек аяқтап, материалды одан әрі сотқа тапсыру үшін барлық шараларды қолға алды»,-деп түйді сөзін ол.

Естеріңізге салып өтсек, рудныйлық Виктория Ганя биыл 24 сәуір күні жоғалып кеткен еді, кейін денесін бір ай өткен соң еріктілер тауып алды. Сараптама көрсеткендей, қыз бас ми жарақатынан көз жұмған. Тағы бір айдан кейін күдікті қолға түсті. Қостанай облысы прокуратурасы қызметкерлерінің мәліметінше, ұсталған азаматқа ақыл-есі кем деген диагноз қойылған екен. Сондықтан барлық тергеу әрекеттері психиатр дәрігердің қатысуымен өткізілген еді.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА. 

16 қазан 2014, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.