Атырау, 26 қараша 05:41
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстанда арақ-шарап аз ішіледі - Ұлттық орталық

2 791 просмотра

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы 20-29 қазаны аралығында ішімдіктен бас тартуға шақыратын онкүндік өткізетіндігін хабарлады. Іс-шара алкогольді тұтынудан бас тарту күні - 29 қазанға орайластырылып отыр. 

Қазақстанда СӨСҚПҰО жүргізген 5-ші Ұлттық зерттеу жүргізу мәліметі бойынша, алкогольді сусындарды тұтыну 1998 жыл мен 2012 жыл аралығында төмендеуі байқалған. Мысалы, 1998 жылы 55 пайыз болса, 2012 жылы 31,8 пайыз болған. 

Қазір Қазақстан Республикасында алкогольді сату мен тұтынуды шектеуді реттейтін заңнамалық-нормативтік база құрылған.
«Халық алкогольге тәуелділік созылмалы, өте қауіпті психологиялық ауру екенін білуі қажет, сондықтан денсаулықты сақтау мен ұзақ өмір сүру үшін жоғары білікті нарколог, психолог, психотерапевт және басқа мамандардың қолдауы арқылы оны дер кезінде анықтап, емдеу маңызды», делінген Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы таратқан мәліметте.
Айта кетейік, әлемде ішімдікті шамадан тыс тұтынудың кесірінен жыл сайын 3,3 миллион адам қаза болады, ол өлім-жітім оқиғасының 5,9 пайызын құрайды. Арақ адамның ерте өліміне себеп болады. 20-39 жастағы адамдар арасында 25 пайыз өлім-жітім оқиғасы арақ-шараппен байланысты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

14 қазан 2014, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.