Қазақстандық оқушылар 2015 жылға қарай тегін оқулықпен толық қамтылады, деп хабарлады Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.
«2015 жылы мемлекеттік қаражат есебінен мектептерді оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен толықтай қамтамасыз ету жоспарланады. Оқулықтарды қайта басып шығарудың төрт жылдық циклына байланысты, қазіргі таңда бұл оқулықтарды сатып алу арқылы іске асады. Мектеп кітапханаларының кітап қоры оқу пәндерінің санына, сыныптағы оқушылар санына байланысты қалыптасады. Бүгінгі таңда Астана және Алматы қалалары, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары оқулықпен толық қамтамасыз етілген. Басқа өңірлерде, мәселен Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қостанай, Ақмола облыстарында әлі де мәселелер бар», дейді А. Сәрінжіпов Парламент Мәжілісінде «Оқушыларды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету проблемалары мен шешімдері» тақырыбында өткен Үкімет сағатында.
Оның айтуынша, оқулықтарды тегін қамтамасыз ету республика бойынша 96,4 пайызды құрайды.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА